«Nurabot» дәрі-дәрмек пен медици­налық құралдарды тасиды, келу­ шілерге жол көрсетеді, тіпті бөлім­шеде кезекшілік те атқарады.

Тайвань ауруханаларында «Nurabot» атты медициналық робот сынақтан өтті. Оны «Foxconn» мен «Kawasaki» компаниялары «NVIDIA» технологиясымен жасап шығарған. Робот мейірбикелер­дің жүктемесін 30%-ға дейін азайтады. Құрылғы «FoxBrain» атты жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Робот іске кіріспес бұрын, цифрлық ауруханада оқытылған. Қазір ол Тайчжун қала­сындағы Ардагерлер госпиталінде жұмыс істеп жүр.