Биыл 4500-ге жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды 24kz.
Олардың басым бөлігі Қытайдан. Қалғаны Өзбекстан, Түрікменстан, Монғолия және Ресейден келді. Қандастардың 60%-і еңбекке қабілетті. Қазір Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс күші тапшы. Осы аймақтарда қоныстанған қандастарға бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде мемлекеттік көмек көрсетілді. Сондай-ақ тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтер үшін бір жыл бойы 15-тен 30 АЕК мөлшерінде ақы төленеді. Жыл басынан бері 339 қандасқа осы сияқты қолдау шаралары көрсетілді. 136 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ал Тәуелсіздік алғалы елге 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ оралған.