Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram желісіндегі парақшасында күтпеген қалауын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өзіне серік болатын қыз қалайтынын айтқан.
"Байқайсыздар ма? Райм Муслимге футбол, баскетбол, жүгіру, бассейн, велосипед, мотоцикл, шаңғы, сноуборд, балық аулау, тауға шығу дегендердің бәрін үйретті. Енді кішкентай 2 ұл тез өссе екен, оларды да ертіп алатын деп отыр. Соған қарағанда маған бір қыз керек-ау, бірге шопинг жасап жүретін", — деп жазды өнер иесі.