Биыл көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы көлемі 6,5 пайызға өсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Биыл алтын құрсақты аналарға жалпы 354 млрд теңге төленген. Мұндай мемлекеттік көмекті 846 мың отбасы алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. 2025 жылы мынадай:

  • 4 баласы бар отбасыларға 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
  • 5 балаға 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
  • 6 балаға 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
  • 7 балаға 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге.

Сондай-ақ, күміс, алтын алқа иелері, "Батыр ана" атағы барлар мен "Ана даңқы" орденін иеленген әйелдер де жәрдемақы алады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget