Қазақстанда коммуналдық қызметтерге қатысты жаңа тәртіп енгізіледі. Енді коммуналдық және қосымша тұрғын үй қызметтерін төлеуге арналған Бірыңғай төлем құжаты болады. Жобаны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бұл қалай іске асады? Оның бұрынғыдан ерекшелігі қандай? Мұны «білген абзал».