2025 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарды құрығына түсіру үшін алаяқтардың ең көп қолданатын 10 айласын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1. "Ақшаңызды сақтау үшін оны басқа шотқа аударыңыз немесе депозиттен шешіп, басқа шотқа салыңыз".
Жалған қауіп тудырып, адамды шатастырады.
2. "Сізбен тергеуші немесе ІІМ, ҰҚК қызметкері сөйлесіп тұр. Тұтқаны қоймаңыз".
Жалған беделге сүйеніп, қысым жасайды.
3. "Бұл қоңырау туралы ешкімге айтпаңыз — құпия операция жүргізіліп жатыр".
Жәбірленушіні оқшаулап, кеңес алуына кедергі жасайды.
4. "Кілт сөзді өзгертуге өтінім түсті".
Шотқа қолжетімділікті жоғалтасыз деген ой салады.
5. "Мен байланыс операторының қауіпсіздік қызметіненмін. Қазір сізге код келеді, соны айтып жіберіңіз".
SIM-картаны немесе банк жүйесін ұрлау үшін қолданылады.
6. "Депозиттегі қаражатты банк шотына аудару қажет".
Ақшаны өз шоттарына аудартады.
7. "Бұл – ұлттық қауіпсіздік қызметкері. Қай банкте шоттарыңыз барын айтыңыз. Карта мен депозитті дереу бұғаттау үшін деректеріңізді беріңіз".
Барлық мәліметтерді жинап, кейін ақша ұрлайды.
8. Жақыныңыз қиын жағдайға түсті (ЖКО, полиция, аурухана). Шұғыл ақша жіберу керек".
Эмоцияға беріліп, уақытпен қысады.
9. "Сіз сыйлық/өтемақы ұтып алдыңыз! Оны алу үшін салықты немесе жеткізу ақысын төлеуіңіз керек".
Жалған пайда ұсынып, ақша бопсалайды.
10. "Шотыңыздан ақша шешуге әрекет жасалды. Операцияны тоқтату үшін SMS-кодты айтыңыз".
Құпия кодты алдап алады. Мұндай
ІІМ мұндай қоңыраулардың мақсатында атап өтті:
- клиенттің мобильді қосымшасына қол жеткізу;
- ақшаны "қорғалған шотқа" өз еркімен аудартқызу;
- TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hoptodesk, RudeDesktop секілді қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуға көндіру.
"Ешқашан CVV, PIN, картаның толық деректерін, SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз! Полиция, банк немесе байланыс операторлар",- деп ескертті ведомство өкілдері.
Бұған дейін Түркияда 70 млн теңгеге автокөлік иелерін алдаған қазақстандық ұсталғанын жазғанбыз.