Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Екінші ұлы Сардар мектепті аяқтады.

"Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың…

Үлкен өмірге басқан қадамдарың құтты болсын, түлектер!

Сардарға қарап тұрып, ата-анасының разылығын алған бала деп іштей ойладым. Әкесінің мақтанары сөзсіз еді.

11 жылда адам деген атқа сай қылып, бар білгенін үйреткен, көмегін аямаған барлық ұстазларына және Айнагүл тәтеге көп-көп рақмет.
Өзіміздің де есейіп, үлкейгенімізді балаларға қарап түсінетін болдық.

Қандай мамандық таңдап жатыр сіздің үйдегі жас түлек?", — деп жазды ол.

Оқырмандар құттықтап, тілектерін жаудырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)