Ақмола облысында аурухана маңынан науқас өлі табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Аршалы аудандық ауруханасындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат тараған еді. 6 қарашаға қараған түні 51 жастағы науқас аурухананың үшінші қабатындағы терезеден секіріп кеткен.
Бұған дейін Қарағанды-Қостанай пойызында жағдайы нашарлағаннан кейін оған шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылған.
"Полиция соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала дерек бойынша психикалық ауытқуы бар ер адам өзіне қол жұмсаған", – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!