Корея Республикасында дәстүрлі садақ атудан өткен Әлем кубогында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының намысын қорғаған Аяш Қабдолаева мен Ажар Төлеуқанова бірінші және үшінші орындарды жеңіп алды.
32 елден қатысқан мықты спортшылар арасындағы бәсекеде Аяш пен Ажар жоғары деңгейдегі шеберлігін, мықты мінезін және жеңіске деген жігерін көрсете білді. Олардың әрбір атқан жебесі – сансыз жаттығулардың нәтижесі, әрбір дәл тиген нүктесі – рухтың мықтылығы мен өз ісіне деген махаббаттың белгісі.
Бұл жарқын жеңіс – кездейсоқтық емес, күнделікті еңбектің, табандылықтың және спортқа деген шынайы адалдықтың жемісі. Аяш пен Ажар талант пен еңбекті, өзіне деген сеніммен ұштастыра отырып, әлемнің биік шыңына көтерілуге болатынын дәлелдеді.
Глубокое ауданы үшін олардың жеңісі – жай ғана спорттық жетістік емес, мақтанышқа толы сәт, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі, арманына сенетіндерге шабыт.
Әлем чемпионы Аяш Кабдолаеваны және жүлдегеріміз Ажар Төлеуқанованы шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға мықты денсаулық, жаңа жеңістер, сарқылмас шабыт және халықаралық ареналарда жарқын жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз