Қазақстандықтардың қаржы ұйымдарына берешегі 23 триллион теңгеге жетті. Несие алушылардың саны жыл сайын артып келеді, ал биыл бұл көрсеткіш тағы 2 пайызға өскен. Осы жағдайға байланысты келер жылдан бастап несие беру тәртібі түбегейлі өзгереді. Енді МӘМС төлемегендер мен бірнеше банктен қатар несие алғысы келетіндерге шектеу қойылуы мүмкін. Жастарға несие беру жасы да 21-ге дейін көтерілмек. Сонымен, жаңа талаптар кімдерге әсер етеді? Қаржылық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылық үшін қабылданған бұл шаралар халықтың өміріне қалай ықпал етеді?