Әлеуметтік желілерде "Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпарат жалған екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшыларының аты-жөні жазылған тізім тараған. Олар "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері" ретінде көрсетілген.

Скриншот/ Маңғыстау облысы ПД

Полиция жауабы

"Жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Интернетте әдейі жалған мәлімет жариялау және тарату Қазақстан заңнамасына қайшы келеді", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget