Жаңа ережелерге сәйкес, конкурс енді қатаң іріктеу тетігімен өтеді. Екінші турға тек бірінші кезеңде қажетті өту балын жинаған үміткерлер ғана жіберіледі. Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы өтінім бергендердің 5%-ы (131 адам) алғашқы кезеңнен өте алмаған.
2026 жылдан бастап күшіне енетін басты өзгерістер:
Жоғары оқу орындарына жаңа талап: Енді шәкіртақы алатын студенттер тек QS University Rankings халықаралық рейтингінде өз бағыты бойынша (by subject) үздік 100-дікке кіретін шетелдік ЖОО-ларда білім ала алады.
Техникалық мамандықтарға басымдық: Бағдарламаның кемінде 60%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттарға арналады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 59,2%-дан 2025 жылы 69,6%-ға дейін өскен.
Еңбекпен өтеу мүмкіндігі: Бағдарлама түлектеріне БҰҰ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ секілді халықаралық және аймақтық ұйымдарда жұмыс істеу арқылы стипендияны өтеуге рұқсат берілді.
Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақпен» білім алады
Тілдік шектеу: Орыс тілі мемлекеттік немесе ресми тіл болып саналмайтын елдерде осы тілде білім алу немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі алынып тасталды.
Қайта қатысу: Үміткерлерге конкурстық іріктеуге қайта қатысу мүмкіндігі берілді.
«Болашақ» арқылы атом энергетикасы саласының мамандарын даярлау кеңейеді
Айта кетерлігі, бағдарламаға деген қызығушылық артып келеді. 2024 жылы 1 893 өтінім қабылданса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2 600-ге жетіп, бір орынға талас 4,1 адамды құрады. Сонымен қатар енді «Болашақ» аясында жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары даярлана бастайды.