Олжас Бектенов арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше елде 17 арнайы экономикалық және 66 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Онда инвестиция көлемі 5,7 трлн теңгеден асатын 860 жоба жүзеге асқан. Аталған орындарда 57 мыңнан астам адам еңбек етеді. Үкімет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жандандыру үшін маңызды мәселенің бірі болып тұрған инфрақұрылым жайына да тоқталды. Осыған орай қосымша станциялар мен көлік желілерінің құрылысы жүйелі түрде жүзеге асуда. Жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы шамамен 200-ден астам жаңа жоба жүзеге асады деп күтілуде. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және өңдеу өнеркәсібінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.