Германияда жұмыс орындары жаппай қысқарып жатыр. Сарапшылар елдегі жұмыспен қамту индексі пандемия жылындағы ең төмен деңгейге түскенін хабарлады.

Қысқартулар әсіресе өнеркәсіп саласында, киім өндірісінде байқалады. Металлургия және электротехникада ондаған мың қызметкер еңбектен қағылуы мүмкін. Германияда салық, энергия шығыны мен еңбек құнының жоғары болуына байланысты ахуал ушыға түсті. Елде ай сайын 10 мыңға жуық жұмыс орны жабылады. Ал туризм мен консалтинг салаларында керісінше, келер жылы штат саны арта түседі деп болжанып отыр.