Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-министрі әрі Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға жеделхат жолдап, ағасы шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы шейх Ахмед Әл Мактумның Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Алмас Жарасхан




