Ыстықкөлде суға батып бара жатқан қызы құтқарамын деп, өзі шейіт болған Медет Жээнәлиев туралы тың ақпарат тарады.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы қырғызстандық БАҚ өкілдері мәлімдеді.

«Иманды болсын… Нағыз батыр… Ыстықкөлде қызды құтқарамын деп қаза тапқан Медет Жээнәлиев туралы не белгілі30 жастағы ММА жауынгері Чолпон-Ата маңында суға батып кетті.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болды. Медет достарымен бірге жағажайда болған кезде, көлде демалып жүрген қыздардың бірінің суға батып бара жатқанын байқап, көмекке шақырған дауысты естиді. Ер адам бірден суға секірген. Қыз аман қалды. Алайда суға секірген Медет көзден ғайып болды. Оның денесі келесі күні көлден табылды», — делінген хабарламада.

Медет Жээнәлиев Бішкекте өскен, ММА-мен айналысып, рингте өнер көрсеткен. Бірнеше жыл бұрын үлкен спорттағы мансабын аяқтаған. Құрылыста жұмыс істеген. Спортшының жасы небәрі 30 жаста еді. Отбасын құрып та үлгермеген.

Спорт шеберін Нарын облысындағы анасының туыстарының туған жері — Ақ-Тал ауылында жерлеген. Қаза болардан шамамен бір сағат бұрын достары Медетпен бірге видео түсіріп үлгерген.