Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", — деп жазылған хабарламада.

Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget