Алматыда азаматтардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілер өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, осы сылтаумен азаматтардан ақша талап еткен.
Арнайы іс-шара барысында күдіктілерден "Полицияға жәрдемдесу отряды" қоғамдық бірлестігінің жалған қызметтік куәліктері, кісендер, ақша тәркіленді.
"Ұсталғандар өздерін есірткі полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, ақша талап еткен", — деп жазылған хабарламада.
Үш күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір тергеу жалғасып жатыр, барлық мән-жайы анықталады", — деді полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!