Абай облысындағы Бестерек ауылында болған қайғылы жағдайға қатысты тергеу барысы белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ ресми жауабында Абай облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

Ал Абай облысының Анықтау басқармасы тергеу 4 қарашада аяқталғанын және іс прокуратураға жолданғанын нақтылады.

Еске салайық, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды. Үш бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Қыркүйектің аяғында тағы бір бала есін жимастан көз жұмғаны белгілі болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget