Биыл Қазақстан импорттық тауардың басым бөлігін көрші елден алды.
Көрші дегенде Қытай да, Ресей де еске түсері анық. Дұрыс. Жыл басынан бері шығыстағы ел көбірек тауар жіберсе, жыл соңына қарай Ресейдің үлесі артты. Сөйтіп, жалпы импорттың 29,4 пайызын Ресей қамтыса, 29,1 пайызы Қытайдың еншісінде.
Жалпы импорт:
29,4% – Ресей
29,1% – Қытай
Ал Еуразиялық экономикалық одақ бойынша сауда айналымы 19 млрд доллардан асты. Бұл былтырғыдан 3,5%-ға аз. Біз аймақ елдерінен 13 млрд долларға жуық тауар сатып алдық. Экспорт 6 жарым млрд-қа сәл жетпейді. Әрине көршінің үлесі айтарлықтай екенін айттық. Негізгі сауда серіктесіміз Ресей 88 пайызды қамтып отыр.
Қазақстан – ЕАЭО сауда қатынасы:
Ресей – 88,8%.
Қырғызстан – 7,2%.
Беларусь – 3,9%.
Армения – 0,2%