Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Жарыс Исмаилия қаласында өтті. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерасыл Саулебеков серпе көтеруде 199 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі нәтижемен күміс жүлдеге ие болды.
Алихан Әскербай жұлқа көтеруде күміс, ал серпе көтеру мен қоссайыста қола медаль еншіледі.
Ал 65 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерсеит жұлқа көтеруде 131 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. Бұл – қазақстандық ауыр атлетика үшін тарихи жетістік.