Түркияның Измир қаласында полиция бөлімшесіне шабуыл жасалды.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, тәртіп сақшыларына 16 жастағы жасөспірім оқ атқан. Құқық қорғау органының 2 қызметкері бақилық болды. Тағы 2 адам жараланды. Қазір күдікті ауруханада жатыр. Оған да атыс кезінде оқ тиген. Измир губернаторы Сүлеймен Элбюанның айтуына қарағанда жасөспірім полиция бөлімшесі орналасқан көшеде тұрады. Оның мұндай қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Тергеу басталып кетті.