Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осы арқылы заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, 500-ден аса оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат тәркіленген. Бұдан бөлек:

  • қару жасырылған 12 қойма анықталған;
  • Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленген; оның біреуі — Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұңғылы қару, сонымен қатар, қызметтік бронжилеттер мен каскалар бар;
  • азаматтар 15 қаруды өз еркімен тапсырған.

"21 мыңнан аса азаматтық қару тексеріліп, 400-ден аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан ұрланған арнайы мылтық тәркіленді", — деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget