Алматыда ер адам кәмелетке толмаған балалардың көзінше әйелді соққыға жыққан, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға қалай болаған?
Әлеуметтік желілерде әйелдің диванда отырған видеосы тарады. Оның бет-аузы қан-жоса екені көрінеді. Қасында екі бала бар, олардың бірі жылап отыр.
Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдеді. Олар үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Оның сөзінше, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше ота жасалған.
Полиция пікірі
Алматы Полиция департаменті бұл деректі растады. ПД мәліметінше, 36 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!