2025 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында ел экономикасының жылдық өсім 6,3 пайызды көрсетті. Халықаралық қаржы ұйымдары осы оң көрсеткіштерге сүйеніп, Қазақстанның бұл бағыттағы өсімін оптимистік тұрғыда болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика өсімін негізінен құрылыс, көлік және сауда салалары қамтыған. Шикізат өндірісі секторы мұнай бағасының төмендеуі біршама әсер еткенмен, жоғары өсім қарқынын сақтай алып отыр.
Инфляция және халықтың нақты табысы
Инфляция қарқыны жеделдеп келеді. Бұл үрдіске теңгенің әлсіреуі, коммуналдық тарифтердің өсуі, ЖЖМ (жанар-жағармай материалдары) бағасын реттеуден бас тарту, сондай-ақ импорттық инфляциялық қысым әсер еткен. Халықтың нақты табысының өсу қарқыны баяу, ал бюджеттік ынталандыру да әлсіз күйде.
Инфляция болжамы
AERC 2025 жылға арналған орташа жылдық инфляция болжамын 11%-дан 11,5%-ға дейін төмендетті. Дегенмен, Үкіметтің инфляцияны тежеуге қатысты келер жылғы І тоқсан соңына дейін тоқтата тұруы бағаның тұрақталуына әсер етуі мүмкін деген үміт те жоқ емес. Осыған байланысты, AERC 2026 жылға арналған орташа жылдық инфляция деңгейін 8,6% деп болжап отыр.
ЖІӨ өсімі және макроэкономикалық болжам
Үкіметтің оң бағалауы мен 2025 жылдың алғашқы 9 айындағы нақты көрсеткіштерді ескере отырып, AERC 2025 жылға арналған ЖІӨ өсім болжамын жақсартты:
• жиынтық ұсыныс моделі бойынша – 5%-дан 5,8%-ға дейін,
• жиынтық сұраныс моделі бойынша – 4,9%-дан 5,6%-ға дейін.
2026 жылға екі модель бойынша экономикалық өсімнің консенсус – болжамы 4,3% деңгейінде белгіленді. Бұл өз кезегінде сауда шарттарының нашарлауын көрсетеді.
Бюджет және төлем балансы
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жөніндегі болжам аз – кем мөлшерді жақсарды – ЖІӨ-нің (-) 2,5%-ынан (-) 2,4%-ына дейін (шілдедегі шолумен салыстырғанда). Ал 2026 жылға арналған тапшылық болжамы өсіп, ЖІӨ-нің (-) 3,2%-ына жетеді деп болжанған.
Төлем балансының қазіргі шотының тапшылығы да айтарлықтай түзетілді – ЖІӨ-нің (-) 7,2%-ынан (-) 3,6%-ына дейін жақсарды. 2026 жылға қазіргі шот тапшылығы ЖІӨ-нің (-) 3,5%-ы деңгейінде болжанып отыр.
 
                         
                                 
                                            