Егін жинау науқанының қорытындысы қаралған Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасалғанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жеткен. Диқандар тұқыммен, арзандатылған жанар-жағармаймен және тыңайтқышпен толық қамтамасыз етілген.
"Егіншілерімізге қажырлы әрі адал еңбегі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Жер жағдайы мен қолайлы ауа райы ғана емес, агротехнологияларды толық сақтау да үлкен табысқа жеткізеді. Дұрыс агротехнология — жақсы егіннің кепілі. Сонда ғана біздің өнімдеріміз сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болады", — деді Олжас Бектенов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!