Алдағы екі тәулік ішінде республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады.

Ал еліміздің солтүстік-батысында, шығысында және орталығында қалың қар жауады. Батыс және оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр күтілуде. Ел аумағында тұман, көктайғақ, сондай-ақ желдің күшеюі ықтимал. Синоптиктердің болжауынша, орталық өңірлерде ауа температурасы 5 градустан төмендейді ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 35 градусқа дейін аяз күтіледі.