Жаңа 2026 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар 12 күн демалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады?

Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар — Жаңа жылға арналған мерекелік күндер;
  • 3 және 4 қаңтар — демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар (сәрсенбі) — Рождество — демалыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар — мерекелік күндер;
  • 3 қаңтар (сенбі) — жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) — демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар — демалыс күні (Рождество).

Еңбек министрлігі 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget