Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырған.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізген.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысқан.



Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан ел президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз