Жеке өмірі желіде талқыға түскен Мереке Қалбаева күйеуі Арсеннің өзінен кешірім сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Ол желідегі парақшасына күйеуінің өзінен кешірім сұраған хатын бөлісті.
"Сағындым сені. Мен ойландым. Шынымен соңғы кездері қолдамай кеткен екем. Кешірші мені, алтыным. Жақсы көремін сені", — деп жазған Арсен.
Мереке болса осыдан кейін күйеуімен жақын арада кездесетінін айтып, ажырасудың артында ешқандай хайп тұрмағанын жеткізді.
"Арекең өте ақылды жан, өз қатесін ерте түсініп қадам жасады. Мен біразға дейін бір-бірімізден демалғанымыз дұрыс шығар деп ойладым. Бірақ өзім де, балалар да папамызды қатты сағындық. Сол үшін дұрыс шешім қабылдаймын, бұйырса. Айтпақшы ертең кездесу шығар бізде, бұйырса", — деді әзілкеш.