Судья "Ғаламат ғасыр" телехикаясымен көпшілікке танылған актёрдің бұрын істі болмағанын ескеріп, оған 1 жыл 10 ай 15 күнге шартты жаза кесті, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Ал әріптесі Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға сотталыпты. Стамбұл прокуратурасы театр және кино актёрлерін жалған куәлік берді деген айыппен тергеуге алған.

Даулы іс түркиялық әйгілі кастинг менеджері Айше Барымның қамауға алынуынан басталған. Әйелге 2013 жылы үкіметке қарсы шеру ұйымдастырды деген айып тағылған. Сөйтіп куәгерлікке онымен бірге жұмыс істеп, аралас-құралас болған барлық жұлдыз тартылған. Арасында Халит Эргенч бар.

Прокуратура Халитті тергеу кезінде жалған мәлімет берді деп айыптап, оған үкім кесті. Актёрдің жанкүйерлері "жаза — әділетсіз" деп, сүйікті әртісін қорғап жатыр.

Дереккөз: "КТК" арнасы