Жаңа амбулатория бір ауысымда 45 адамға қызмет көрсете алады.
Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.
Жаңа амбулатория ауысымына 45 адамға есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Құрылысқа Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс президент бастамашылық еткен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен және Арнаулы мемлекеттік қор қаржысынан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда төрт нысан пайдалануға берілді, жетеуінің құрылысы жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында 2024 жылы 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталды