Астанада мерзімді басылымдарға жазылу науқанының басталуына арналған шара өтті.

«Жазылушылар күні» деп аталған акцияға республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, олардың оқырмандары және «Қазпошта» қызметкерлері қатысты. Ұлттық оператор 30 жыл ішінде халыққа газет пен журналдардың бір миллиардтан астам данасын жеткізді. Ауылдық елді мекен тұрғындарына қолайлылық үшін ерекше көңіл бөлінеді, себебі олар тұрақты жазылушылардың елеулі бөлігін құрайды, дейді мамандар.

Ләззат Қонақбаева, «Қазпошта» АҚ «Астана почтамты» бөлімінің бас маманы:

- Жыл сайын екі мерзімде подписка жүргізіледі. Бірінші жартыжылдығын бастап жатырмыз 6 қазанда 25 желтоқсанға шейін. Бізге жазылатын кісілер саны өте көп. Жастардың арасында аз болса да үлкен кісілердің арасында жазылушыларымыз өте көп. жастары 45-70 жастан аса жазылып жатады, ауыл-аймақтарда көп жазылады.

Биыл жазылу науқаны аясында «Балаларға сыйлық жаса: Газеттер мен журналдарға жазыл!» атты әлеуметтік жоба басталды. Ол қолдауға мұқтаж жеткіншектерге арналады. Қайырымдылық акциясына қатысамын деушілер 3 мыңнан астам басылымның біріне жазыла алады.