"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 27 мамырда Астана уақытымен 19 сағат 51 мин жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Жетісу облысында орналасқан. Қапал-Арасан тұрғындары 2 баллды сезген", — деп жазады ведомство.

Сондай-ақ ТЖМ жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым қадамды еске салады:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.