«Бурабай» ұлттық паркінде туристердің жаяу жүруіне арналған «Бөлектау» экологиялық жолы жаңартылды. Тау жотасына, табиғатты тамашалау алаңына бастап баратын бағытта цифрлық шешімдердің қолданылуы оның өзіндік ерекшелігіне айналып отыр. Меймандар жолды QR-кодтарды, аудиогидті, Telegram-ботты қолданып, квест форматында өте алады .

«Бөлектау» экологиялық ба­ғыты табиғаты көркем аумақ арқылы өтеді. Ол кіреберіс қақ­падан басталып, демалыс аймағындағы орындарға жетпей аяқталады. Бұл қашық­тықтағы жол тауға шығатын туристер­ге қауіп төндіруі мүмкін бағыт­тардың бірі. Енді абаттан­дырылған маршрут бел­сенді саяхатшылардан бас­тап, балалары бар отбасыларға дейінгі келушілердің кең ауқы­мына да қолжетімді болды.

– Экологиялық, танымдық туризмді дамыту – басты басым­дықтардың бірі. Бұл салаға жеке сектордың белсенді атсалысуы аса маңызды. Бурабайдағы эко­маршруттың абаттанды­рылуы – бизнестің ұзақмер­зім­ді, әлеуметтік маңызды бас­тама­ларға инвестиция сала алатынының нақты үлгісі. Бұл тек туристік инфрақұ­ры­лымды жақсартумен шек­тел­мей, табиғатқа деген жауап­кершілікті де қалып­тастырады. Бизнестің мемлекетпен тиімді әріптестігі тұрақтылықты, қолжетімділік пен сапаны дамытуға ықпал етеді, – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

Жобаға Home Credit Bank қаржы бөліп, «Бурабай» ұлт­тық паркімен Ақмола облысы әкімдігінің туризм басқар­масымен серіктесе отырып жү­зеге асырды. Бастама банктің еліміздегі қызметінің 20 жыл­ды­ғына арналған ауқымды бағдар­ламаның бір бөлігіне айналды.

– Бұл жоба жай абаттандыру ғана емес, біз заманауи, қауіпсіз әрі әдемі демалыс орнын қалып­тастыруды мақсат тұттық. Мұнда серуендеп келушілердің Бөлектаудың бірегей табиғаты туралы жаңа дүниелерді танып-білуіне мүмкіндік тудырып, қоршаған ортаға қамқорлықты да көрсеткіміз келді. Біздің команда мен серіктестеріміз соншалықты ынта-ықылас­пен жасаған экомаршрутқа ұлттық саябақтың қонақтары ұқыптылықпен қарайды деп сенеміз, – дейді Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Бағыт бойында Бөлектаудың флорасы, фаунасы, аңыздары туралы ақпараттық стендтер орнатылған. Сонымен бірге қа­зақ, орыс, ағылшын тілде­рін­дегі аудиогидті қолда­нуға қажетті QR-кодтар қарасты­рылған. Жолды абаттандыру ба­рысында экологиялық таза мате­риалдарға ерекше мән бері­л­ген. Орталық стенд күн сәу­лесі түскен кезде ауаны тазар­татын инновациялық фотокаталитикалық жабынмен жасалған.

Жаяу серуендейтін турис­тер үшін экологиялық жолдың ашылуы үлкен маңызға ие. Алғашқы келушілер маршрут­ты жүріп өтіп, аудиогидті сынап көріп, квест тапсырмаларын бағалауға мүмкіндік алды.

Ақмола облысы