Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың кенже қызы Айару әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің қызының айтуынша, қазіргі болып жатқан жағдайларға қарамастан, Тұрсынбек Қабатов ол үшін әрдайым ең жақсы, мейірімді әке болып қала береді.

“Қазір бәрі оны жаман адам деп айта бастайды. Бірақ ол мен үшін ең керемет әке болып қала береді. Мен оны әлемдегі барлық адамнан артық жақсы көремін әрі қатты бағалаймын. Мүмкін жақсы күйеу бола алмаған шығар, бірақ әке ретіндегі орны бөлек — ол осы жылдар бойы өз махаббатын ісімен дәлелдеп келеді. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы, бәрін ашып сөйлесіп алдық. Мен үшін адамдардың оны жамандап, жек көретіндерін жазғандарын оқу өте ауыр. Себебі жақын адамыңа тіл тигізсе, жүрегің ауырады, бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің оны қорғап жүргенімді ешкім көрмейді. Мәңгіге әкемнің қызымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айарудың жазбасынан кейін оған түрлі сұрақтар қоя бастады.

“Сонда Мөлдір бәрімізді бұғаттап қойды деп өтірік айтты ма?”, “Анаңыздың сұхбатта “балаларды бұғаттап қойған” дегені ше?”, “Онда неге анаңыз “бәрімізді бұғаттап қойған, сөйлеспей жүр” деп айтты?”, – деп сұрақ қойған.

Айару бұл сауалдарға жауап беріп, қазір әкесімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.

“Анам сұхбатта әкемнің кей кездері белгілі бір себептермен бізбен хабарласпай, сөйлеспей жүрген сәттері болғанын айтқысы келді. Өз басым қазір әкеммен жақсы араласамын, бірақ отбасымызда онымен аса жақын емес адамдар да бар”, – деп жауап берген ол.

Сондай-ақ қөпшілік Айаруға жылы пікірлер қалдырып, оны қолдады.

“Сен бәрін дұрыс істеп жатырсың. Әкеңе анаңның көзімен емес, өз көзіңмен қара. Ең маңыздысы – әкеңнің сен үшін жақсы адам болғаны. Ересектер өз мәселесін өздері шешсін”, “Балалар ешқашан зардап шекпеуі керек”, “Осының барлығы анаңның тәрбиесі. Дұрыс, қандай жағдай болса да әкеңді қорға, ол сендерді жақсы көреді”, – деп пікір қалдырған.