Астанада Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайы бойынша тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан кондиционер қондырғысы мен сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, қаптама мен кондиционер ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберісінің үстіне құлаған.

"Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қаптаманың әрі қарай құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", — деді ТЖМ.

Оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Былтыр елорданың бір тұрғын үй кешенінде лифт жанында тұрған әйелдің үстіне пластик қаптама құлап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен әйел №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін оның миы шайқалғаны анықталды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget