"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 189 қазақстандық халықаралық "Болашақ" стипендиясының иегері атанған.

Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұқбаттар жүргізілді.

Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат – магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды.

Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендия иегерлерінің толық тізімін мына жерден көре аласыздар.