Жаңа жылды әр отбасы әрқалай қарсы алады. Әсіресе ғажайыпқа сенетін балалар бұл мерекені асыға күтері анық.

Ересектер ескі жылды қорытындылап, жаңасын жақсылыққа жориды. Тіпті «жылды қалай қарсы алсаң солай өтеді» деген ырымға сенетіндер де бар. Тілшіміз Жезқазған тұрғындарынан мерекені қалай қарсы алатыны жайлы сұраған еді.