Қазақстан халықаралық диалогтың белсенді алаңына айналды.
2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келді. Еуропа, Азия және Африканың мемлекет басшылары мен үкімет басшылары бар. Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесті. Бұдан бөлек 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.