2026 жылғы 16 мамырда Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы базасында Kazakh SpineDays 2026 халықаралық жұлын нейрохирургиясы бойынша білім беру курсы ашылды. Бұл — Орталық Азиядағы жұлын нейрохирургиясы саласындағы ең ірі кәсіби іс-шаралардың бірі.

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Екі күн бойы Қазақстанның өңірлерінен жәнешетелден келген жетекші нейрохирургтер, омыртқахирургиясының мамандары, зерттеушілер мен жасдәрігерлер омыртқа ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, жоғарытехнологиялық хирургиялық әдістерді енгізу жәнехалықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамытумәселелерін талқылауда.

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Алғашқы күні 100-ден астам қатысушытіркелді. Олардың басым бөлігі Қазақстанныңөңірлерінен келген мамандар болса, сондай-ақ іс-шараға Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея жәнеҚытай елдерінен сарапшылар қатысуда.

Қатысушыларды ашылу салтанатындаҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтаувице-министрі Ербол Оспанов құттықтап, мұндайхалықаралық білім беру алаңдарының отандықмедицинасының дамуына зор серпін беретінін атапөтті. Ол Астана қаласы мен Ұлттық нейрохирургия орталығының әлемдік деңгейдегі мамандардықабылдауы — денсаулық сақтау жүйесіндамытудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі екенінжеткізді.

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Қазақ нейрохирургтар ассоциациясының жәнеҰлттық нейрохирургия орталығының президенті, еліміздің бас штаттан тыс нейрохирургі, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов жұлыннейрохирургиясын дамыту Қазақстанмедицинасының стратегиялық бағыты екенін атапөтті.

Конференцияның негізгі халықаралықспикерлерінің бірі — профессор Mehmet Zileli(Нейрохирургиялық қоғамдардың дүниежүзілікфедерациясы (WFNS) Жұлын нейрохирургиясыкомитетінің негізін қалаушы және алғашқытөрағасы, WFNS-тің құрметті мүшесі). Ол «Белауырсыну көздерін диагностикалау» аттыбаяндамасында омыртқа патологияларын, әсіреседегенеративті ауруларды анықтау жәнеауырсынудың нақты себебін табудың заманауитәсілдеріне тоқталды.

Профессордың айтуынша, хирургиялық емніңсәтті нәтижесі тек операцияның техникалықсапасына ғана емес, сонымен қатар дұрыс диагноз қою мен науқасты операцияға дұрыс іріктеугетікелей байланысты.

«Дұрыс алынған пациент — операцияныңтабысты нәтижесінің және қазіргі әлемдікнейрохирургиядағы қауіпсіздік қағидаларыныңнегізгі факторларының бірі», — деді профессор Mehmet Zileli.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы жұлыннейрохирургиясы деңгейінің жоғары екенін атапөтті. Оның айтуынша, клиникалық тәсілдер, жабдықталу деңгейі және орындалатыноперациялар әлемнің жетекші орталықтарыментолықтай сәйкес келеді.

Профессор Ұлттық нейрохирургия орталығыбүгінде халықаралық деңгейдегі оқу және тренинг базасы ретінде қалыптасқанын, мұнда жасмамандарды оқытуға және әлемдік қауіпсіздікстандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінгенінайтты.

Ол курс аясында халықаралық сарапшылардыңнегізгі мақсаты — Қазақстанның өңірлеріненкелген жас дәрігерлерді оқыту, тәжірибе алмасужәне жұлын нейрохирургиясы бойыншапрактикалық дағдыларды дамыту екенін де атапөтті.

Омыртқа хирургиясы саласындағы мамандардыбіріктіретін International Spine Society (ISS) халықаралық қоғамының президенті - YahyaGüvenç өз сөзінде халықаралық тәжірибе алмасумен білім беру бастамаларының жұлыннейрохирургиясының дамытудағы рөлін ерекшеатап өтті.

Курс аясында Hands-on Workshop on Modelsформатындағы практикалық сабақтарға ерекшеназар аударылды. Қатысушылар анатомиялықүлгілер мен симуляциялық модельдердехирургиялық дағдыларды жетілдіруде.

Ғылыми бағдарлама омыртқа хирургиясыныңөзекті бағыттарын қамтиды: дегенеративтіауруларды емдеу, деформацияларды түзету, жұлын жарақаттарын емдеу, ісіктер хирургиясы және дәлелді медицинаны енгізу.

Kazakh Spine Days 2026 — тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогқа және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңыздыалаңға айналды.