«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Тұрсынбайұлы қасиетті Меккеден жазба жариялап, ата-анасын еске алды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл сапарға бауырымен бірге барғанын айтты.
«Әкемнен 4 жасымда, анамнан 17 жасымда, ерте айырылғандықтан, олардың үмітін ақтай алдым ба, білмеймін… Сол кісілердің атынан ниет етіп, осы киелі мекенге @maksito.muzart-пен келдік. Баршаңызға дұға жасадық. Алла қабыл етсін», – деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)