Қазақстан Республика­сы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәу­летов Қырғызстан­ның Чолпон-Ата қаласында «Ор­та­лық Азия – Ресей» фор­матында өткен қауіп­сіздік кеңестері хатшы ­ларының екінші кездесуіне қатысты.

Ғизат Нұрдәулетов баяндамасында ынтымақтастықтың нақты бағыттарына, соның ішінде терроризм мен экстремизм қаупіне қарсы іс-қимыл саласына тоқталды. Халықаралық тер­рористік ұйымдар өздері­нің идеологиясын тарату, қолдау­шыларды тарту және елдерімізге кіру үшін күннен-күнге күшейіп келе жатқан жаһандық қайшылықтарды, сондай-ақ көші-қон үдерістерін пайдаланатыны атап өтілді. Есірткі контрабандасы және сау­дасымен, әсіресе психоактивті заттар мен синтетикалық есірт­кі құралдарының жаңа түрлері­нің таралуы жағдайында бірлес­кен күрес тағы бір өзекті мін­дет бо­лып қала береді. Сондай-ақ кез­десу барысында өңір­дің ақпарат­тық, экологиялық және су-энер­гети­калық қауіп­сіздігі, көлік-логисти­калық инфрақұрылымның орнық­тылығы мәселелері қаралды.

Еске сала кетсек, Орта­лық Азия елдері және Ресей Қауіпсіздік Кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі 2023 жылы маусымда Алматыда өткен еді.

Осы сапары барысында Ғизат Нұрдәулетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар ҰҚШҰ-ның жауапты аймағындағы ахуал бо­йынша пікір алмасты. Сонымен қатар Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі нысаналы мемлекетаралық бағдарламаны нақты іске асыру мәселелерін қарады, халықаралық терроризмге, есірткі айналымына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес, сондай-ақ мүше мемлекеттер­дің киберқауіпсіздігін қамтама­сыз ету жөніндегі шараларды талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов әріптес­теріне ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымын хабардар етіп, халықаралық ұйым­дар туралы ақпарат алмасу және олар­ды қазіргі қақтығыстар жағдайын­да қайта құру қажет­тігін атап өтті.

ҰҚШҰ шеңберінде өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетіл­діруге және ұжымдық қауіпсіздік сала­сындағы үйлестіруді нығай­туға қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қауіпсіздік Кеңесі­нің хатшысы Чолпон-Атада I ҰҚШҰ киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шарада киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен құқықтық реттеу мәселелері қаралды. Заманауи цифрлық технологиялар, соның ішінде жасанды интеллектінің жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке әсерінің әлеуетті аспектілері қарастырылды.

Жиынға Қазақстаннан уәкі­летті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.