0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Аралдың шөлді алқабында енді бау-бақша өсіруге болады. Жергілікті тұрғындар егін шаруашылығына бет бұра бастады. Қызылорда облысы Арал ауданында егін шаруашылығын өркендетуге болады. Ақбай ауылының шаруалары шөлейтті жерге голландық қауын-қарбыз сортын өсіріп жатыр. Тіпті, биыл тұрғындар егіс алқабын 250 гектарға дейін ұлғайтып, су үнемдеудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануда. Өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы аралдық диқандардың тыныс-тіршілігін көріп қайтты.
Әділбек Серікұлы тілші:
Бұл теңіз түбінде жататын кәдімгі бақалшақ. Кезінде мына аумақта үлкен су айдыны болған. Қазір құрғаған ұлтанына аралдықтар егін егіп, бау-бақша дақылын өсіріп жатыр.
Жел тұрса құм суырып, тұзды шаң көтерілетін өлкеде егін егу оңай шаруа емес. Машақаты мен бейнеті көп еңбекке ақбайлықтар әбден бейімделген. Бүгінде ауыл жұрты бақша өсіруді отбасылық кәсіп етіп, жыл сайын жерден ырзық-несібесін тауып отыр.
Әбілбай Мейірманов, шаруа:
Былтыр 1 га ектім. Биыл тағы 1 га қостым. Екі гектар ектім. Бір гектар қауын, бір гектар қарбыз. Көбейте береміз ба деген ой бар ғой жәймен. Бұдан да тағы қосамыз ба деген. Үкімет жағынан тағы көмек болса.
Аралдық диқандардың ең басты мәселесі аяқ су. Әсіресе, жазғы маусымда егінге су жеткізу мұң. Күрекбай Сейітов биыл алғаш рет тамшылатып суару әдісін қолға алыпты. Және тез бой көтеретін Еуропаның қауын-қарбыз сорттарын өсіріп, суды үнемді пайдалану арқылы мол өнімге кенелмек.
Күрекбай Сейітов, шаруа:
Голландық тұқым егіп жатырмыз Дакара деген. Тамшылатып суару мына жағы бір гектар. Мына жағы салафан. Осыдан өнім аламыз ба деп істеп жатқанымыз ғой енді. Нәтижесі жақсы ғой енді. Шығып келе жатыр жақсы.
Ал жергілікті ғалымдар Аралдың тұзды топырағында өскен тәтті дақылдардың құрамында қанттың мөлшері жоғары болатынын айтады. Соңғы жылдары мамандар аралдық шаруаларды ғылыми тұрғыда сүйемелдеп, био органикалық тыңайтқыштармен қамтып келеді.
Самалбек Қосанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:
Дақылдардың өсу барысында техникалық-биологиялық пісіу барысындағы берілетін әртүрлі үстеме қоректерінің жұмыстарына біз негізгі бағыт-бағдар беріп отырамыз. Соның арқасында олар қазір өте жақсы өнім алып, егістік көлемін ұлғайтып келе жатыр.
Ақбайдың бал татитын қауын-қарбызына жылдан жылға сұраныс артып келеді. Ауылда 100-ден аса отбасы болса бүгінде соның басым бөлігі егін шаруашылығына бет бұрған.
Әділбек Серікұлы