Астана, Алматы мен Шымкенте 25 мамыр күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с болмақ.

Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 15 градус, түнде 7 градус болады. Желдің жылдамдығы – 4,4 м/с болады.

Шымкентте күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 33 градус, түнде 15 градус болады. Желдің жылдамдығы 9,0 м/с жетеді.