«RG Brands Kazakhstan» ЖШС – Қазақстан мен Орталық Азия және көптеген елдің нарығында танымал.
Ол тұтыну тауарлары секторында көш бастап тұрған кәсіпорындардың бірі. Компанияның шырын, су, газдалған сусындар, сүт және шай өндіру бойынша 30 жылдық тарихы білікті менеджмент, технологиялар мен қызметкерлерді дамытуға салынған инвестициялар нәтижесінде қазақстандық өндірістің тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, экспортты да сенімді түрде дамыта алатынын айқын көрсетеді.