Биыл физика саласындағы Нобель сыйлығы ұлыбританиялық Джон Кларк, француз Мишель Деворе және америкалық Джон Мартиниске берілді.
Олар «макроскопиялық кванттық-механикалық туннелдеу мен электр тізбегіндегі энергияның квантталуын» ашқаны үшін марапатталды. Нобель комитеті: «Олардың тәжірибелері кванттық физиканың нақты өмірде қалай жұмыс істейтінін көрсетті», — деп мәлімдеді.
 
                         
                                