Мемлекеттік аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Биыл Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдар азаматтарды, ауруханаларды дәрі-дәрмек, медициналық өнімдермен қаншалық қамтамасыз еткенін тексерген.

Анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктер негізінде мына тұлғаларға түрлі тәртіптік жаза қолданылды:

  • ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры;
  • ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры;
  • ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары;
  • "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының" директоры;
  • "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" бас директорының орынбасары;
  • "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, биыл 3 шілдедегі бұйрықпен "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік аудиттен кейін білім беру саласындағы лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget