Танымал имам Нұрлан қажы Байжігітұлы екінші әйел және тоқал тақырыбын қозғап, елдің қызу талқысына түсті.
Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Нұрлан имам көпшілікті екінші әйел алуды ұлықтай беруді доғаруға шақырды.
«Нәпсіге беріліп, қатын, қатын, екінші, үшінші қатынды айта беріп, екінші, үшінші қатынды, тоқалдықты ұлықтай бергендіктен, кешегі біздің жылап жатқан қыздардың көз жасына, сол айтқан кісілер, сіздер кінәлісіздер.
Айтатын шариғатың да, сөзің де, қазақтың болашағы, тіл, дініміздің күйі, ғибадаттың ахуалы қандай күйде екенін айтпастан, біздің іріп-шіріп жатқан жүйені айтпай, екінші қатын алуды айту, соны бір жетістік қылып айтуға болмайды», — деп түсіндірді имам.