Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы талапкерлерге арнап шекті балдарды жариялады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰБТ форматы — бұрынғыдай 5 пән (3 міндетті және 2 бейінді). ҰТО мәліметінше, шекті балдар мынадай:

  • Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
  • Оқу сауаттылығы — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
  • Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл — 5;
  • Бірінші бейінді пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5;
  • Екінші бейінді пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget